Әлем Кубогы кезінде шайба мен хоккейшілерді бақылайтын жаңа технология іске қосылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық хоккей лигасының Әлем Кубогын тікелей эфирден көрсеткен кезде шайба мен хоккейшілерді бақылайтын жаңа технологиясы іске қосылады. Бұл туралы ҰХЛ ресми сайтында хабарланды.

Әлем кубогы Торонтода 17 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өтеді.

ҰХЛ Sportvision компаниясымен әріптестік келісім жасайтындығын мәлімдеді. Ол осындай әзірлемелермен айналысып, оларды турнир уақытында пайдаланатын болады. Арнайы құрылғы шайбаға орналастырылып, хоккейшілердің кеудешелеріне тігіледі. Күллі арена бойынша инфрақызыл камералар орнатылады. Sportvision ақпаратты оқып, оны ойынды тікелей көрсететін ESPN және Sportsnet арналарына ұсынады. Осылайша оларда хоккейшілердің жылдамдығын, траекториясын, ара қашықтығын, соққан шайбаларын лақтыру қашықтығы, шайбаны игеру бағыты, деректерін бақылау мүмкіндігі пайда болады.