Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, «1XLegends — Аңыздар ойыны» 25 сәуір күні елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді.
Қазақстандық жанкүйерлер Майкон, Хавьер Дзанетти және Кларенс Зеедорф сынды аты аңызға айналған футболшылардың ойынын тамашалай алады.
Қазақстан аңыздар құрамасы сапында Самат Смақов, Нұрбол Жұмасқалиев, Давид Лория бастаған футбол саңлақтары алаңға шығады.
Айта кетерлігі, аталған футбол мерекесі Орталық Азияда өтетін әлемдік турдың алғашқы ойыны болмақ.
«Аңыздар ойыны» Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, футболдан ұлттық құрама бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев наурызда өтетін ӘЧ-2026 іріктеу кезеңіндегі Уэльс (22 наурыз) және Лихтенштейнмен (25 наурыз) ойындарға шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады.