Әлем жұлдызы және бейбітшілік елшісі: франциялық журнал Димаш Құдайберген туралы мақала жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – Францияның Planète Paix журналының 2024 жылдың 23-ші қыркүйегіндегі санында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген туралы мақала жарияланды, деп хабарлайды dimashnews.com.

Фото: dimashnews.com

Planète Paix Франциядағы бейбітшілікпен байланысты өзекті мәселелерге арналған ай сайын шығатын жалғыз журнал.

Журналы шығару ісіне Францияда және одан тыс жерлерде танымал журналистер, қоғамдық ұйымдардың көшбасшылары, жекелеген шенеуніктер, әртістер мен сарапшылар қатысады. Бұл журналға бейбітшілікке ұмтылған барлық деңгейдегі адамдардың пікірі мен әрекетін көрсетуге мүмкіндік береді.

«Димаш Құдайберген: әлем жұлдызы және бейбітшілік елшісі» атты мақалада автор әншіні Қазақстан атынан халықаралық деңгейде өнер көрсететін жетекші артист ретінде көрсетеді. Сондай-ақ онда Димаштың балалық шағы мен бүгінгі күнге дейінгі шығармашылық жолы туралы баяндалады.

Автор Димаштың өз шығармаларында бейбітшілік пен бірлікке шақыратынын айтады, ал оның «Бір аспанның тарихы» атты авторлық туындысы осының жарқын көрінісі деуге болады.

2024 жылдың ақпанында қазақстандық әнші БҰҰ-ның көші-қон бойынша халықаралық ұйымының ерікті өңірлік елшісі қызметіне тағайындалды.

Бұған қоса Димаштың бейбітшілік пен бірлік философиясы ол өзі «Dears» деп атайтын өнеріне тәнті азаматтар тарапынан қолдау тауып отыр.

Жыл сайын әншінің түрлі мемлекеттердегі фанаттары Димаштың ісін қолдап, гуманитарлық және экологиялық бастамаларды жүзеге асырады.