Ғаламшардағы артық салмағы бар адамдар саны соңғы 33 жылда 857 миллионнан 2,1 миллард адамға дейін өскен. 2012 жылғы Жер халқының денсаулығын зерттеу аясында алынған мәліметтер осындай. Халықаралық зерттеушілер тобының жұмыс нәтижелері The Lancet басылымында жарияланды.
Артық салмағы бар 681 миллион адамның жартысынан астамы әлемнің барлығы он елінде - Америка, Үндістан, Қытай, РФ, Бразилии, Мексика, Египет, Германия, Пәкістан және Индонезияда тұрады. . Әйедер арасындағы осы аурудың талралуының жоғары қарқыны Египетте, Сауд Арабиясында, Оманда, Гондураста,және Бахрейнде, ерлер арасында Жаңа Зеландияда, Бахрейнде, Кувейтте, Сауд Арабиясы мен Америкада байқалғаны атап өтілген.
Дамыған елдерде семіздікке ұшыраған адамдар саны Америкада байқалып отыр, мұнда ересек халықтың шамамен үштен бірі осындай ауруға тап болған.
Зерттеу авторлары халықтың денсаулығына келеңсіз ықпал ететін және орнықты үрдіске айналған семіздіктің өсуі әлемдік ауқымдағы жаһандық проблемаға айналып келе жатқанын атап өтеді.. Соңғы 33 жылда бұл сырқаттың белең алуына қарсы күрес бірде-бір елде оңды нәтиже бермеген.
Осыған байланысты Оксфорд университетінің профессоры Клим Макферсон халықтар арасындағы осы аурудың таралуын тоқтату көп жағдайда саяси және экономикалық міәндеттермен ұштасып жатқанын атап өтеді. Егер семіздк індетімен күресу мақсатында адамның алғашқы тұтыну қажеттігі мен тамақ өнімдерінің қолжетімдігі арасындағы тепе-еңдікті қалпына келтірсе, бұл міндетті түрде тамақ өнеркәсібінде өндіріс көлемінің төмендеуіне және соның нәтиесі ретінде экономикалық өсім тоқтауына әкеп соғады деген пікір айтады.