Әлемде 283 млн адам маскүнемдіктен зардап шегіп отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда әлемде 283 млн адам маскүнемдіктен зардап шексе, 2,3 млрд адам спирттік ішімдіктерді пайдалануда. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) болжамында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі үрдіс пен болжамдарды есепке алсақ, алдағы 10 жылда алкогольді тұтынудың жаһандық көрсеткіші жан басына шаққанда көтеріледі, әсіресе Оңтүстік-Шығыс Азия, Тынық мұхитының батыс бөлігі мен Америка елдерінде», - деп хабарлады ДДСҰ.

Зерттеулер көрсеткендей, жаһандық ауқымда 237 млн ер адам мен 46 млн әйел алкогольдің салдарынан ішкілік дертіне шалдыққан.

«Қазіргі таңда 15-19 жас аралығындағы жастардың төрттен бір бөлігі (27%) алкоголь тұтынады. 15-19 жас аралығындағы жастар арасында спирттік ішімдік ішудің ең жоғары көрсеткіші Еуропада  (44%), одан кейін Америка елдері (38%) мен Тынық мұхитының батыс бөлігіндегі өңірлерде (38%) тіркеліп отыр», - деп баяндады ДДСҰ.