Әлемде 425 млн адам диабетке шалдыққан

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Диабетті ерте анықтауға арналған ұлттық скринингтік бағдарлама Қазақстандағы ересектердің 8,2 пайызы диабетке шалдыққанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ, елдегі ересектердің 38 пайызы диабетке шалдығудыңалдында тұр.

Дүниежүзілік диабет федерациясының деректері бойынша, әлемде425 миллионнан астам адам диабетпен өмір сүруде. NOMAD диабетті ерте анықтауғаарналған Ұлттық скринингтік бағдарламаның нәтижелеріне сәйкес Қазақстандаересектердің 38%-ы диабет алдында тұрса, 8,2% -і диабетпен зардап шегеді.Сонымен қатар, екінші типті диабет диагнозымен 312 мың қазақстандық есепте тұр.

Ал Швециядағы Каролин институтының зерттеушілері ондағы 60жастан асқан тұрғындарға сынақ жүргізіп көрген. Зерттеуге қатысқан егдеадамдардың барлығында «диабет алды» диагнозы қойылып, қандағы қант деңгейі100-ден 125 миллиграмм-децилитр көлемінде екені анықталған. Аталмыш адамдар 12жыл бойы зерттеушілердің бақылауында болады. Ең соңында қатысушылардың 22 пайызықалыпты ликемияға оралып, біршама сауықса, 13 пайызында диабет өрши түскен.Қалғаны дерттің салдарынан көз жұмған.

Осылайша, ғалымдар дене белсенділігі диабеттің алдын алып,өлім деңгейін төмендететінін дәлелдеген. Бұл пікірмен «Аман-саулық» қоғамдық қорыныңпрезиденті, дәрігер Бақыт Түменова дакеліседі.

«Диабет алды» диагнозы 2-ші типті қант диабетіне автоматтытүрде ауыспайды. Яғни, көп дүние адамның күтіміне байланысты. Аурудыасқындырмау үшін дене белсенділігі мен толыққанды ұйқы және дұрыс тамақтанурежимдерін сақтаса болғаны. Бұл енді емделушінің ерік-жігері мен ынтасына датікелей байланысты», - дейді отандық маман.

Соңғы жаңалықтар