Әлемде 700 миллион адам елдерін ауыстырғысы келеді

None
АСТАНА.  Қарашаның  4-і. ҚазАқпарат - Gallup сауалнамасы  көрсетіп отырғандай,    әлем  бойынша  700 миллионға  жуық  адамның  мүмкіндіктері болса, 

басқа елге  көшкілері келеді   екен. Бұл туралы Би-би-Си  телекомпаниясы  хабарлады.

Тұратын   жерлеріне көңілі  толмайтындардың ең көбі -  165 миллион адам    Африкада,   Сахараның  оңтүстігінде  тұратындар.

Ал  жұртшылық көшуге ынтық  ел  АҚШ болып шықты.  Екінші  орынды   Британия,  Канада  және  Франция бөлісіп  отыр. Бұл  елдердің әрқайсысына  45 миллионға   жуық  адамның   қоныс аударғысы келеді.

 Есесіне, Азия тұрғындарының  еш жаққа   қоныс аударуға  ықыласы  жоқ болып шықты.  Бұл  өңірде сауалнамаға жауап берген  әрбір     он  ересектің біреуі ғана      тұратын  жерлерін  тастап кетуге    келісетінін  айтқан.