Әлемде 820 миллион адам аштыққа ұшыраған– БҰҰ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – БҰҰ соңғы жылдары ашыққан адамдар санының өскенін айтып дабыл қағуда. Қазірде әлемде 820 миллион адам аштықта өмір сүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ сайтына сілтеме жасап.

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы, Халықаралық ауылшаруашылығын дамыту қоры, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы жәнеДүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бірлесе әзірлеген баяндамасындаайтылуынша, әсіресе Африка елдерінде аштықтан зардап шегіп отырғандардың саныөсу үстінде – қара ұрлық халқының бестен бірі қара қазан қайната алмай отыр.Бұл көрсеткіш Латын Америкасы және Кариб бассейнінде шамамен 7 пайызға, алАзияда 12 пайызға жеткен. Егер осы тенденция жалғаса берсе, Тұрақты дамумақсаттарының екіншісі саналатын 2030 жылға қарай аштықты жою мүмкін болмайды,деп санайды сарапшылар.

Баяндамада 2015 жылы 20,5 миллион бала салмағы аз болыптуған. Қуанарлық дерек те бар, соңғы алты жылда бойы кешеуілдеп өсетін балаларсаны 10 пайызға қысқарған.

Мамандардың айтуынша, толыққанды тамақтанбау семіздікке әкеп соқтыруда. 2016 жылыәлемде 2 миллиардтан астам адамда артық салмақ болыпты.

1,3 миллиард адам, яғни әлем халқының 17 пайыздан астамындатолыққанды тамақтану мүмкіндігі жоқ.

«Олар аштықтан запдап шегіп отырған жоқ, дегенмен, олартойып тамақ жемегендіктен, денсаулығы нашарлауы мүмкін», - дейді сарапшылар.

Соңғы жаңалықтар