Әлемде А/H1N1 тұмауымен ауырғандардың саны 10,8 мыңнан асып отыр

МЕХИКО. Мамырдың 22-сі. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні мәліметтер бойынша, Мексиада A/H1N1 вирусынан қайтыс болғандардың саны 78 адамға жетіп отыр, делінген елдің Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

ҚазАқпарат бұл туралы «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. «Бейсенбі күнгі мәліметтерге сәйкес, Мексикада вирусты (А/H1N1) 4,8 мың адамның жұқтырғаны, кісі өлімі оқиғалары 78-ге жеткені ресми қуатталды», делінген құжатта. Қайтыс болғандардың 71-і сәуірдің 23-іне дейін, жаңа тұмау вирусы туралы ешқандай мәлімет болмай тұрып, жұқтырған. Жаңа тұмаудан көз жұмғандардың 56 пайызы -әйелдер. (А/H1N1) тұмауын жұқтыруға ең бейімдері ? балалар мен 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер, деп хабарлады денсаулық сақтау ведомствосы. Көз жұмғандардың басым бөлігі, 66,7 пайызы - елорда мен Мехико штатының тұрғындары. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде А/H1N1 тұмауынан барлығы 88 адам көз жұмған, Мексикада ? 78 адам, АҚШ-та -8, Канада және Коста-Рикада ? бір-бір адам. Бейсенбі күні АҚШ-та тоғызыншы адамның көз жұмғаны хабарланды. Әлемде А/H1N1 тұмауымен ауырғандардың саны 10,8 мыңнан асып отыр.