Әлемде A/H1N1 тұмауымен ауырғандардың саны 269 мың адамнан асты

АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат - Әлемде A/H1N1 тұмауымен ауырғандардың саны 269 мың адамнан асып, ал тұмаудан қайтыс болғандардың саны 3 мың 49 адамға жетті,

деп    хабарлады  бейсенбі күні «Роспотребнадзор»  агенттігінің баспасөз қызметі    Дүниежүзілік денсаулық сақтау  ұйымының   аймақтық бюроларының  мәліметтеріне  сілтеме  жасап.

«Қыркүйектің  2-сіндегі   жағдай  бойынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау  ұйымының   аймақтық бюроларының  мәліметтерін  қоса есептегенде,  әлем бойынша А (H1N1) вирусын жұқтырудың    зертханалық расталған  фактісі  269 мың 285  оқиғаны    құрап  отыр,    оның  ішінде 3 мың 49   оқиға кісі  өлімімен  аяқталған»,  делінген  баспасөз баянында.