Әлемде бүгін КВИ жұқтырғандар саны 433 690 адамға көбейді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 11 маусымда әлемде коронавирус жұқтыру бойынша 539 908 577 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

ВАК мәлімет бойынша, «соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 433 690 адамға өсті».

Әлемде коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы саны – 6 330 206 адам, бүгін 1 121 өлім тіркелген.

Сондай-ақ, дүниежүзіндегі 512 574 175 науқастың толық емделуі расталған.