«Тек соңғы үш айда КВИ-ден көз жұмғандар саны миллионға ұлғайды. Өлім-жітімнің ең көп саны АҚШ-та тіркелген. Әлемде 185 миллионнан астам жағдай орын алған. АҚШ- коронавирус құрбандары бойынша көшбасшы - 605 мың адам. Екінші орында Бразилия - 525 мың, үшінші Үндістанда - 400 мыңға жуық адам қайтыс болды», делінген хабарламада.
17:22, 08 Шілде 2021
Әлемде COVID-19 құрбандарының саны артты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Джонс Хопкинс университеті коронавирустан 3,98 миллион адам қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.