Дегенмен, бұл жалпы отбасы санының 1 пайызға жетер-жетпес бөлігі ғана. Былтыр жеке тұлғалардың қаржылық активтері 8%-ға өскен.
Ең бақуатты аймақ ретінде әлі күнге дейін Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа қалып отыр. Талдаушылар пайымынша, Шығыс Еуропада жеке жинақтардың ең қарқынды өсімі байқалады. Сарапшылардың есеп-қисабынша, ол соңғы бес жылда екі есеге жуық артады. Ең бай отбасылар АҚШ-та - 5,9 миллион адам. Одан кейін Жапония мен Қытай тұр, бұл елдерде дәулетті отбасылардың саны тиісінше 1,5 млн және 1,3 млн. құрап отыр.
00:19, 12 Маусым 2013
Әлемде дәулетті отбасылар саны артуда
АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - Boston Consulting «Global Wealth 2013» компаниясының зерттеуіне сәйкес, есепшотында 1 миллион доллардан астам қаржысы бар отбасылардың саны 2012 жылы 13,8 миллионға жетті.