Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, доңыз тұмауын жұқтырғандардың саны әлемде 414 945 адамға жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си сайтына сілтеме жасап.
Америка құрылығында вирус жұқтыру салдарынан қайтыс болған адамдардың саны ең көп тіркелген - 3 539. Америкада доңыз тұмауымен ауыратындардың саны 160 мыңнан астам адамды құрайды.