Әлемде ең көп рейстер ұшатын әуежайлар аталды
14:35, 20 Қаңтар 2023
ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат – Ыстанбұл әуежайы әлемдегі үлкен әуе айлақтарының бірі болды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
Авиация индустриясы туралы деректерді өңдеп, талдайтын «Cirium» халықаралық компаниясы әлемдегі ең ірі әуежайлар қызметіне қорытынды жасады. Олардың мәліметі бойынша, әлемдегі маңызды әуежайлардың үштігінде Ыстанбұл әуе айлағы бар.
Ол Майндағы Франкфурт әуежайынан кейінгі екінші орында тұр. Германияның Франкфурт әуежайындағы «Lufthansa» негізгі хабы 330 пунктке ұшатын рейстер санымен көш бастады. Түрік әуежайы 309 бағыт бойынша ұшады. Алғашқы үштікті 308 бағытқа ұшуды қамтамасыз ететін Шарль-де-Голль атындағы Париж әуежайы түйіндеді. Жүктемесі көп әуежайлар қатарында Амстердам әуежайы – Схипхол, АҚШ-тағы Чикаго О’Хара мен Даллас-Форт-Уэрт әуежайы, БАӘ-дегі Дубай халықаралық әуежайы, Англияның Хитроу әуе айлақтары бар. Фото: avialiga.ua