2013 жылы оны 75 миллион адам келіп аралаған. Аталмыш орталық үш жыл қатарынан әлемде келушілер саны ең көп бөлшек сауда орны атағын алып келеді. Ол Ұлыбританиядағы Mall of America мен Bullring Birmingham сауда кешендерін (әрқайсысында 40 млн. келушіден), Франциядағы Intu Trafford Centre мен Part Dieu Lion орталықтарын (30 млн. келуші), Канадағы West Edmonton Mall (28 млн.) сауда үйін артқа тастаған.
Dubai Mall сауда орталығының 2013 жылғы келушілері өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға артқан. 2012 жылы 65 млн. адам келген болатын.