Әлемде ең жиі қолданылатын танымал парольдер белгілі болды

NordPass бағдарлама жасаушылары 2023 жылғы топ-20 құпиясөз тізімін жариялады. Kazinform бұл туралы NordPass ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pexels

Желі қолданушылары әдетте аккаунттарына ең оңай құпиясөз қояды. Сарапшылар дерегі де осыны растады.

NordPass құпиясөз менеджерлері 2023 жылғы ең танымал 20 құпиясөз тізімін жасап шықты.

Сонымен адамдар деректерін көбіне 1-ден 6-ға дейінгі сандарды пайдаланып «қорғайтын» болып шықты — «123456».

Мұндай құпиясөзді интернет қолданушылар 4 524 867 рет пайдаланған.

Екінші орында «admin» тұр. Ол 4 008 850 мәрте қолданылған.

Сарапшылардың айтуынша, арнайы бағдарламалық жабдығы бар хакерлер мұндай құпиясөзді бірнеше секунд ішінде тауып алады.

Былтыр ең әлсіз құпиясөз рейтингінде көш басында тұрған «password» биыл жетінші орынға түсіп қалды. 

Сонымен қатар желі қолданушыларының сүйікті құпиясөздерінің қатарында «unknown» және 0000 комбинациялары, пернетақтада бірінен кейін бірі орналасқан сан немесе әріптен құралғандары бар. Мысалы «123», «1234», «12345», «12345678», «123456789», «1234567890», «Aa123456» секілді.

Фото: nordpass.com
Фото: nordpass.com