Аталған жоба «Қолайлы орта» дәрежесі бойынша «2015 жылда Ақпараттық қоғам мәселелері жоғары деңгейдегі кездесулерінің таңдаулы жобалары» атты Женевадағы халықаралық байқауда үздік деп аталды. «Байқауға әлемнің 70 елінен 18 санат бойынша 300-ден астам жобалар ұсынылды. Қазақстан Республикасы тарапынан 6 жоба қаралуға ұсынылды. «Қолайлы орта» санатында біздің жоба жеңімпаз деп танылды», - деді Оспанов. «C6 Enabling Environment» (Қолайлы орта) санаты бойынша «Мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтары» қазақстандық жобасымен бірге байқауда 10 елдің жобалары қатысты, оның ішінде, Ресей, Польша, Сингапур, Колумбия, Мексика, Сауд Арабиясы, Кувейт, Бенин елдері бар. «Сарапшылардың пікірінше, бұл байқау ІТ-технологиялар және телекоммуникациялар аясында «Оскар» киносыйлығына парапар саналады және бұл жердегі жүлделер бүкіл әлемде беделді әрі танымал болып табылады», - деді ол. «АКТ жаңартпаларын бірігіп жүзеге асырудағы тұрақты дамуға қолайлы жағдай жасау» ұранымен 2015 жылдың таңдаулы жобалары жеңімпаздарын жариялау биылғы 26 мамырда (Швейцария) Женева қаласында салтанатты марапаттау барысында жүргізілді. Бұл байқау осы жылы өзінің 150 жылдығын атап өткен Электр байланысы халықаралық одағы тарапынан өткізілді.
13:43, 09 Маусым 2015
Әлемде қазақстандық «Мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтар» жобасы үздік деп танылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржы министрлігінің «Мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтар» жобасы әлемдегі ең үздік болып танылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ басқарма төрағасы Жанасыл Оспанов мәлім етті.