Әлемде кокаин өндірісі рекордтық деңгейге жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлемде кокаин өндірісі рекордтық деңгейге жетті – есірткіге сұраныс коронавирус инфекциясына байланысты енгізілген карантиннен кейін қалпына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC сілтеме жасап.

Фото: Getty Images

БҰҰ есірткі мен қылмыс басқармасы 2021-2022 жыл аралығында жапырағынан есірткі жасалатын коконы өсіру 35%-ға артқанын мәлімдеді. Деректер Батыс және Орта Африкада жаңа есірткі контрабандасы орталықтары пайда болғанын дәлелдейді. Басқарма есебінде де есірткі сатушылар тұтынушыларға есірткіні жеткізу үшін халықаралық пошта қызметін жиі пайдалана бастағаны айтылған. Еуропа мен Солтүстік Америка кокаин өткізетін ірі нарықтар болып саналады, олардан кейінгі қатарда Оңтүстік және Орталық Америка мен Кариб бассейні елдері бар.

Сондай-ақ олар коронавирус инфекциясы есірткі нарығына үзіліс әкелді деген қорытындыға келді. Себебі сол кезде халықаралық сапарлар бірден қысқарған болатын. Жалпы кокаинға сұраныстың бірден азаюына түнгі клубтар мен барлардың пандемия кезінде жабық болғаны да әсер еткен.

«Дегенмен кейінгі деректер мұндай төмендеу ұзаққа созылмағанын дәлелдеді. Жаһандық кокаин жеткізу рекордтық көрсеткіште тұр», - делінген есепте. Есірткі контрабандасы бойынша, бұрынғыша, Колумбия көш бастап тұр.