Әлемде коронавирус жұқтырғандар 600 млн адамға жуықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ДДҰ дерегіне сәйкес, 20 тамыздағы жағдай бойынша әлемде 594 169 936 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Тәуліктегі өсім – 845 136 жағдай.