19 сәуір сағат 9:15-тегі жағдай бойынша, әлем елдерінде коронавирусты жұқтырғандар саны 2 331 892 адамды құрады. Қайтыс болды 160 763 адам, жазылып шықты – 597 194.
Вирус ең көп АҚШ-та анықталды. Онда індетке 739 913 адам шалдықты, бір тәулікте тіркелген жаңа жағдайлар – 28 892. Екінші орында Испания (науқастардың жалпы саны – 194 416, бір тәуліктегі жаңа жағдайлар – 3577), үшінші орында Италия (175 925/ 3491) тұр.
Коронавирус ең көп анықталған 10 елдің тізімінде сондай-ақ келесі елдер бар:
Франция: 151793 / 3824
Германия: 143724 / 2327
Ұлыбритания: 114217 / 5525
Қытай: 82735 / 16
Иран: 80868 / 1374
Түркия: 82329 / 3783
Бельгия: 37183 / 1045
ТМД елдері бойынша науқастар ең көп Ресейде тіркелді. Мұнда індетке шалдыққандардың жалпы саны – 36 793. Бір тәуілікте анықталған жаңа жағдайлар – 4785.
Кейінгі орындарда келесі мемлекеттер тұр:
Беларусь: 4779 / 0
Украина: 5106 / 444
Молдавия: 2378 / 114
Қазақстан: 1630 / 84
Өзбекстан: 1490 / 85
Әзербайжан: 1373 / 33
Армения: 1248 / 47
Қырғызстан: 506 / 17
Грузия: 388 / 18