4 мамыр, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша, әлемде COVID-19-ды жұқтырғандар саны 3 566 295 адамды құрады. Қайтыс болды - 248 286, жазылды - 1 154 057 науқас.
Вирус ең көп тараған елдердің арасында АҚШ әлі де бірінші орында тұр. Онда бүгінге дейін індетке 1 188 122 адам шалдықты, бір тәулікте тіркелген жаңа жағдайлар – 27 348. Екінші орында Испания (науқастардың жалпы саны – 247 122, бір тәуліктегі жаңа жағдайлар – 1533), үшінші орында Италия (210717/ 1389) тұр.
Коронавирус ең көп анықталған елдердің тізімінде сондай-ақ келесі елдер бар: Ұлыбритания:186599 / 4339,
Франция: 168693 / 297,
Германия: 165664 / 697,
Ресей: 134687 / 10633,
Түркия: 126687 / 1670,
Бразилия: 101147 / 4588,
Иран: 97424 / 976
ТМД елдерінде коронавирустың ең көп жағдайы Беларусь елінде анықталды. Науқастардың жалпы саны - 16705 адамға жетті. Бір тәулікте індетті 877 адам жұқтырды.
Одан кейінгі орындарда келесі мемлекеттер тұр:
Украина: жалпы саны 11913 / бір тәулікте анықталғандар 502
Молдова: 4121 / 69
Қазақстан: 3964 / 63
Армения: 2386 / 113
Өзбекстан: 2149 / 31
Әзербайжан: 1932 / 38
Қырғызстан: 795 / 26
Грузия: 589 / 7
Тәжікстан: 128 / 52