25 мамыр сағат 10:00-дегі мәлімет бойынша, індетті жұқтырғандардың жалпы саны - 5 498 577, қайтыс болды - 346 688 адам, жазылды - 2 302 004 науқас.
Вирус ең көп тараған елдердің арасында АҚШ бірінші қатарда тұр. Онда бүгінге дейін індетке 1 686 436 адам шалдықты, бір тәулікте тіркелген жаңа жағдайлар – 19 608. Екінші орында Бразилия (науқастардың жалпы саны – 363 618, бір тәуліктегі жаңа жағдайлар – 16 220), үшінші орында - Ресей (344481 / 8599).
Одан кейін орналасқан елдердің тізімі келесідей:
Испания: 282852 / 482
Ұлыбритания: 259559 / 2405
Италия: 229858 / 531
Франция: 182584 / 115
Германия: 180328 / 342
Түркия: 156827 / 1141
Үндістан: 138536 / 7113
ТМД-да коронавирус індеті ең көп анықталған мемлекет – Беларусь. Мұнда науқастардың жалпы саны – 36 198, бір тәуліктегі өсім – 954 .
Науқастар саны бойынша одан кейін орналасқан елдер:
Украина: 20986 / 406
Қазақстан: 8531 / 209
Молдова: 7093 / 99
Армения: 6661 / 359
Әзербайжан: 4122 / 140
Өзбекстан: 3164 / 49
Тәжікстан: 2929 / 191
Қырғызстан: 1403 / 38
Грузия: 730 / 2