Әлемде коронавирусқа жарты миллиардтан астам адам шалдықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 540 миллион адамнан асты. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соңғы тәулікте әлемде коронавирусты тағы 270 672 адам жұқтырған, қайтыс болды – 623 науқас.

Бүгінге дейін аталған инфекцияға шалдыққандар саны 542 593 575-ті құраса, оның ішінде 517 925 975 адам сырқатынан айықты. Қаза болды 6 336 822 адам.