Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 4 миллионға жуықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 183 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Джонс Хопкинс университеті сайтындағы соңғы мәліметке сәйкес, әлем елдерінде коронавирус барлығы 183 млн 407 мың 614 адамнан анықталды. Оның ішінде вирустан қайтыс болғандар саны – 3 млн 969 мың 700 науқасты құрады.

Коронавирус ең көп тараған елдердің алғашқы бестігінде: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Ресей орналасқан.