Дүниежүзінде коронавирусты жұқтырудың анықталған жағдайларының саны жеті күнде 3,4 млн-ға өсті. Ковидтен қайтыс болғандар саны да артып келеді. Жеті күн нәтижесі бойынша коронавирустан 50,9 мың өлім тіркелді.
05:00, 15 Қараша 2021
Әлемде қыркүйек айынан бері бір апта ішінде ең көп ковид жұқтыру жағдайы тіркелді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемде қыркүйек айының соңынан бастап бір апта ішінде ковидпен ауыратындардың ең көп саны тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап.