АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электронды сауда кезінде мұнайдың әлемдегі бағасы өсе түсті. Бұны сауда барысындағы мәліметтер растап отыр, деп хабарлайды Gazeta.ru.
WTI маркілі жеңіл мұнайдың Нью-Йорк тауарлы биржасындағы (NYMEX) қыркүйек айындағы фьючерстері 3,28% көтеріліп, барреліне $47,86 құрады.
Лондондық ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі жеткізілімдері 3,21% өсіп, барреліне $50,16 долларды құрады.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.