Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан IV Еуразиялық энергетикалық форумы барысында Ұлыбританияның Окфорд энергетикалық зерттеулері институтының өкілі Шамиль Еникеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, әлемде осы салаға жұмсалған қаржы 200 млрд. доллардан 450 млрд. долларға дейін өсті. «Сондай-ақ бүгінде мұнай-газ кен орындарын зерттеу жұмыстарына жұмсалатын қаражатттың көлемі 10 пайызға артты», - дейді Ш.Еникеев.