Әлемде мұнай қоры 53 жылға ғана жетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәлелденген әлемдік мұнай қорының көлемі 2013 жылдың аяғындағы жағдай бойынша, жерде 1 трл. 688 млрд. жуық мұнай баррелі болғандығын көрсетеді. Мұндай деректер британдық «ВР» компаниясының жаңа жылдық есебінде келтірілген.

Мұнай өндіру қарқыны осылай жалғаса берсе, оның қоры 53,3 жылға ғана жетеді. Дегенмен, қор көлемі өткен жылмен салыстырғанда, 1,1 пайызға жоғарылап отыр. Бұдан басқа, соңғы 10 жылда дәлелденген мұнай қоры 27 пайызға өскен. Бұл - 350 млрд баррельден артық, деп хабарлады "Вести Экономика".