Ұйымның сарапшылары бала кездегі артық салмақтың кейін ересек өмірде сусамыр, қатерлі ісік, жүрек-қан тамырлары ауруы сияқты көптеген ауруларға әкеп соқтыратындығын атап көрсетті.
Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Маргарет Чен осы мәселені шешу мақсатында балалар семіздігін жоюға байланысты жоғары дәрежелі комиссия құрды. Бұл комиссия енді осы бір жағымсыз құбылысқа қарсы тиімді шаралар ұсынатын болады.
Сонымен қатар, комиссияға әр түрлі аймақтарға қандай тәсілдемелер мен медико-санитарлық шаралардың тиімді болатындығы туралы баяндама жасау тапсырылды.
Комиссия отырысы осы аптада Женева қаласында өтеді.