Әлемде талай қызық бар: Мексикадағы су асты мұражайы (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Білім және Мәдениет» телеарнасының ресми сайты travel.tochka.net-ке сілтеме жасай отырып, Мексикадағы Канкун ауданында орналасқан су асты мұражайы туралы фоторепортаж жария еткен.

Онда мүсіндер тереңдігі 10 метрге жетер-жетпес су түбінде орналастырылған. «Үнсіз эволюция» деп аталған ескерткіштер Үндістердің Майя өркениетінен бастап, қазіргі заманға дейінгі адамзаттың тарихына арналған.