Әлемде толығымен күн энергиясына көшкен алғашқы аймақ пайда болды

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат -Тынық мұхитында Жаңа Зеландияның Токелау аралдары өзінің энергетикалық қажеттіліктерін күн қуаты есебінен қамтамасыз ететін алғашқы аймақ атанып отыр, деп хабарлайды Би-би-си.

Бұған дейін аралдар дизельді электр стансасының көмегімен энергия алып келген, ол үшін жанар-жағар май сатып алуға жылына 1 млн доллар қаражат жұмсалған. Енді 4 мыңнан астам күн батареялары іске қосылғаннан кейін сұйық отын сатып алудың қажеті болмай қалды. Жоба 8,5 млн долларға шыққан, соның 7 млн. долларын Жаңа Зеландия үкіметі өз мойнына алған.

Токелау аралдарында 1,5 мыңға жуық адам тұрады. Алдағы жылдары Тынық мұхиты аймағында тағы бірнеше арал энергияның осындай түрлерін пайдалануға көшуді жоспарлап отыр.