11:10, 06 Қыркүйек 2013
Әлемде жұмыссыздар «армиясы» 30 млн. адамға көбеюі әбден мүмкін - Халықаралық еңбек ұйымы
АСТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алдағы уақытта әлемдегі жұмыссыздар «армиясы» тағы 30 млн. адамға көбеюі әбден мүмкін. Ресейдің Санкт-Петербор қаласында өтіп жатқан G20 саммитінде Халықаралық еңбек ұйымының Бас директоры Гай Райдер осылай айтты.
Оның хабарлауынша, биыл әлем бойынша 200 млн. жұмыссыз адам тіркелді. Олардың 93 млн-ы «Үлкен жиырмалық» - «G20» елдерінде тұрады. «Бізді алаңдатып отырған бір мәселе, әлемдік экономика өсімінің сақталуына қарамастан, жұмыссыздардың саны азаяр емес. Егер бүгінгі жағдай ағымдағы сценарий бойынша дами беретін болса, онда 2015 жылда әлемдегі жұмыссыздар «армиясы» тағы 30 млн. адамға көбеюі әбден мүмкін», - деп ескертті Г. Райдер G20 саммитіне қатысушы мемлекет басшыларын.