АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - International Data Corporation сараптамалық компаниясының хабарлауынша, биылдың бірінші тоқсанында дербес компьютерлердің саудасы 14 пайызға төмендеді. 1994 жылдан бері оның сұранысы алғаш рет қысқарып отыр.
ВВС-дің жазуынша, IDC мамандары дамыған елдердегі сатып алушылар өздерінің ескірген дербес компьютерлерін жаңа моделіне ауыстырудың орнына планшеттер мен смартфондарды белсенді түрде иемдене бастағанын айтып отыр.
Сонымен қатар сарапшылардың пікірінше, сенсорлық дисплеймен жақсы үйлескен, алайда дербес компьютердің құнын арттырып отырған Microsoft-тың соңғы Windows нұсқасы сауданың қысқаруына тікелей ықпал етуі ықтимал.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.