Әлемде жыл сайын 2 трлн доллар жылыстатылады
«Жоғары экономикалық өсім әрдайым теріс процестермен қатар жүреді: көлеңкелі бизнес, қылмыстық кірістерді заңдастыру, активтерді шетелге заңсыз шығару. БҰҰ бағалауы бойынша әлемдік ауқымда жыл сайын шамамен 2 трлн доллар немесе әлемдік жалпы ішкі өнімнің 5 пайызына жуық қаражат жылыстатылады», - деді Берік Асылов ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Бас прокурорларының XX мерейтойлық отырысында.
Ол сондай-ақ халықаралық сарапшылардың деректері бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басқа елдермен сауда айналымындағы жыл сайынғы айырмашылық $675 млрд құрайтынын айтты.
«Бұл ақшаның бір бөлігі қылмыстық мақсаттарға, соның ішінде терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға жұмсалады деген түсінік бар. Меніңше, бұл мәселе бойынша тәжірибе алмасу өте маңызды», - деді ҚР Бас прокуроры.