Денсаулық сақтау министрлігінің таратқан мәліметтеріне қарағанда, әлемде жыл сайын 1 миллионға тарта адам суицидке бел буады. Сондықтан да, сарапшылар адамдардың өз-өзіне қол салуын ғаламдық ауқымдағы психикалық мәселе ретінде қарастырып отыр. Осыны ескерген Швеция, Норвегия, Финляндия, Дания, Германия, Франция, Ұлыбритания, Австралия, АҚШ секілді елдерде суицидтің алдын-алуға бағытталған бағдарламалар мемлекеттік деңгейде қабылданған.
Конференцияда әлемде және Қазақстанда балалар мен жастар арасындағы суицидтік мінез-құлық мәселелеріне шолу жасау, оның алдын-алу бойынша тиімді және ғылыми негізделген халықаралық тәжірибелерді зерттеу, Қазақстанда дерттің алдын-алу және мониторингілеудің тиімді стратегиясын әзірлеу мәселелері талқыланатын болады. Жалпы, мамандар өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерін әзірлеп, ол бойынша мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес құрылымдардың бірлесе әрекет етуінің маңызын жоғары бағалайды.
Халықаралық конференция жұмысына ҚР Парламенті депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің өкілдері, елшіліктердің, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың мамандары қатысуда.