БҰҰ жемқорлық кез-келген қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын тежейтін үлкен қылмыс екенін еске салады. Бірде-бір мемлекет, бірде-бір аймақ сыбайлас жемқорлықтан сақтандырылмаған.
«Transparency International» ұйымының мәліметінше, Ресей, Украина және Қазақстан сыбайлас жемқорлық индексімен әлем бойынша 131-ші орында тұр.
Биылғы жылы БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы мен БҰҰДБ бірлесіп сыбайлас жемқорлықтың білім, денсаулық сақтау салалары, әділеттілік пен демократияға қалай ықпал ететінін түсіндіруді көздейтін бірлескен жоба науқанын жасауда.