Әлемдегі ең бай қалалар

Фото: Фото: pixabay

АСТАНА. KAZINFORM – Henley & Partners компаниясы әлемдегі ең бай қалалардың рейтингісін жариялады.

Рейтингтің көшбасшысы — Нью-Йорк (АҚШ), онда 384 500 өте бай адам тұрады, олардың 66-ы — миллиардерлер. Бұл адамдардың ең кедейі де кем дегенде 1 миллион долларлық байлыққа ие.

Сан-Франциско екінші орынға Кремний алқабымен бірге шықты. Бұл аймақта 342 000 адам ресми түрде бай немесе миллионер деп саналады, ал миллиардерлер саны — 82, бұл Нью-Йорктен көп.

Әлемдегі ең бай 10 қала:

1. Нью-Йорк (миллионерлер — 384 500, миллиардерлер — 66);

2. Сан-Франциско (342 000 / 82);

3. Токио (292 300 / 18);

4. Сингапур (242 400 / 30);

5. Лос-Анджелес (220 600 / 45);

6. Лондон (178 000 / 23);

7. Париж (160 100 / 22);

8. Гонконг (154 900 / 40);

9. Сидней (152 900 / 22);

10. Чикаго (127 100 / 25).

Айта кетелік ТМД ішінде Қазақстан ең бақытты ел ретінде танылды.