Бұл туралы ICE таратқан хабарламада айтылған.
Сенегалдық тегі бар Хаби Лейм TikTok платформасында ең көп жазылушысы бар қолданушылардың бірі. Оның аудиториясы — 162,2 миллион.
Хабарламаға сәйкес, иммиграциялық агенттер Леймді Лас-Вегаста визасының мерзімі өтіп кеткені үшін ұстаған.
Әлеуметтік желідегі жұлдызды таныстыратын Sharks Celebrities агенттігі ICE-тің бұл мәлімдемесін «жалған ақпарат» деп атады. Агенттіктің айтуынша, блогер бұл айда АҚШ-та болмаған.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трампты сынап жүрген танымал түрік-америкалық онлайн-стример Чикагодағы О’Хара халықаралық әуежайында ұсталып, сұраққа алынған болатын.
Ал Қазақстанда салық органдары 4 блогердің 2,2 млрд табысын тексергелі жатыр.