Әлемдегі 50 млн адам неке мен еңбекке мәжбүрлі тартылуда - БҰҰ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы бес жылда «қазіргі құлдардың» саны төрттен бірге өсті. Бүгінгі таңда БҰҰ-ның бағалауынша, 28 миллион адам ерікті түрде жұмыс істейді, ал тағы 22 миллион адам өз қалауына қарамастан отбасын құрған. Мұндай баяндаманы Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҚҰ) және Walk Free («Еркін бол») халықаралық құқық қорғау тобы бірлесіп жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтар сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Зерттеу авторларының тұжырымдарына ХЕҰ Бас директоры Гай Райдер түсініктеме берді.

«Жағдайдың жақсармай жатқаны шошытады. Адамның іргелі құқықтарының мұндай бұзылуына ешқандай себеп жоқ». 2016 жылы жасалған бағалаулармен салыстырғанда, 2021 жылы қазіргі құлдықта 10 миллион адам көп боған, ең қиыны әйелдер мен балалар үшін. Мәжбүрлі еңбектің 86 пайызы жеке секторда қолданылады, ал оның 23 пайызы «мәжбүрлі коммерциялық жыныстық пайдалануға» тиесілі», - дейді ол

Сонымен қатар ол мемлекет мәжбүрлейтін жұмыс үлесі 14 пайызды құрайды, ал әрбір сегізінші жағдайда балаларды жұмысқа мәжбүрлейді.

Өткен жылы мәлімет бойынша мәжбүрлі некеде 22 миллион адам өмір сүруде. Бұл бес жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,6 миллионға көп. Бірақ іс жүзінде мұндай мәжбүрлі неке саны, әсіресе 16 жасқа дейінгі балаларға қатысты, әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Кәмелетке толмағандармен неке, егер бала некеге заңды түрде келісе алмаса, мәжбүрлі деп саналады.



Фото МОТ/Ж.Маяр