Әлемдегі ахуал: Бразилия президенті коронавирус жұқтырды
Бұған дейін коронавирустың қауіптілігін жоққа шығарып келген Бразилия президенті Жаир Болсонару өзінен COVID-19 анықталғанын растады. Ол соңғы бірнеше айда төртінші рет тест тапсыруға мәжбүр болған. Себебі ыстығы көтерілген. Сонымен бірге өзінің жағдайы жақсы екенін, тек жеңіл түрдегі белгілер байқалатынын айтқан.
Ал жексенбі күні Бразилия басшысы денсаулығы нашарлағанын мәлімдеді.
65 жастағы Болсонару сенбі күні АҚШ елшісімен кездесу кезінде маска тақпай түскен суретін жариялаған болатын. Ол коронавирус бар-жоғы жеңіл түрдегі суық тию екенін бірнеше рет айтқан еді.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлем бойынша корнавирус жұқтырғандар саны – 11 млн 798 мың 678 адам. Қауіпті вирустан 543 538 науқас көз жұмды, 6,3 млн-ны сауығып шықты.
Індетті жұқтырғандар саны ең көп 10 елдің тізімі:
АҚШ – 2 993 759
Бразилия - 1 668 589
Үндістан – 719 665
Ресей – 693 215
Перу – 309 278
Чили – 301 019
Ұлыбритания – 287 874
Мексика – 268 008
Испания – 252 130
Иран – 245 688