Әлемдегі атақты түйе жарысы он күннен соң басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 тамыз күні Кенияның Рифт-Валли провинциясындағы Маралал қаласында жыл сайынғы дәстүрлі «Camel Derby» мейрамы басталады. Мейрамның басты себебі - түйелер жарысы. Оны қызықтауға әлемнің әр түкпірінен мыңдаған турис жиналады.

Түйе - солтүстік Кения үшін маңызды көлік құралы. Олар бұл жануарды жұмыс күші ретінде ғана пайдаланғанымен, дүбірлі додаға ең мықты әрі төзімділерін таңдап, қатыстырады.

Мерекеде ән-биге де кезек беріледі, оның жеңімпазы аса салтанатты жағдайда марапатталады екен. Шара қала маңындағы жартылай шөлейт аймақтарда өтеді.

Ең белгілі түйе жарыс 21 тамызға дейін созылады. Онда тіпті, ешқашан түйеге мініп көрмеген саяхатшы да бағын сынай алады.