Әлемдегі ауқымды интернет-дүкен «Amazon» Н.Назарбаев жинағын сатуға шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Amazon» әлемдегі ірі интернет-дүкені ағылшын тілінде басып шығарылған «Видение Лидера» (Лидердің көзқарасы») («Leadership Perspectives») - 2012-2015 жылдарындағы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөйлеген сөздері жинағы кітабын сата бастады, деп хабарлады Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметінен.

«Видение Лидера» (Лидердің көзқарасы»), бұл - халықаралық саясаттың өзекті мәселелерінен бастап, Қазақстанның институционалдық реформалары, жаңғыруы мен экономикалық дамуына дейінгі мәселелер қамтылған кітап.
Кітаптың алғашқы бетінде Қазақстан көшбасшысының сөзі, сонымен қатар Ұлыбританияның Премьер-Министрі Д.Кэмеронның сөзі келтірілген.
Жинақтың алғы сөзінде Ұлыбритания Парламенті Лордтар палатасының аса құрметті мүшелері - лорд Робертсон (НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы), лорд Ричардс (Біріккен Корольдіктің Бас штабының бұрынғы басшысы) және лорд Кормактың сөздері бар.
Кітапта Ұлт Лидерінің күнделікті қызметі көрініс тапқан 30-дан астам сурет, соның ішінде шетел мемлекеттерінің басшыларымен кездесуі кезінде түсірілген 18 сурет бар.

Кітап таралымы - 5 мың дана.
«Видение Лидера» (Лидердің көзқарасы») жинағын Лондонда «First» британиялық баспа үйі Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігінің ықпалдасуымен «Шелл» компаниясының қолдауымен жариялады.
«Amazon» интернет-дүкені британиялық жазушы Н. Филдингтің «Оңтүстіктегі Ұлы Далаға: Томас пен Люси Аткинсондардың 1847-1852 жылдары Шығыс Қазақстанға саяхаты» кітабын да саудаға шығарды.
Amazon - әлемде 34 санат бойынша тауарлар сатылымы жүзеге асырылатын ең ірі ғаламтор-дүкені. Оның штаб-пәтері АҚШ-та орналасқан. Канада, Ұлыбритания, Германия, Франция, Испания, Италия, Қытай және Жапонияда филиалдары бар.