деп хабарлады утро.ру.
Жасы 18-ге толған Джиоти Ямга бүгінде бүкіл әлемге танымал болып отыр. Оның ең кішкентай әйел деген ресми атағы бар, бойы небәрі 62,6 сантимер ғана.
Үнді қызы Ұлыбритания астанасына 2013 жылғы Гиннестің рекордтар кітабы жарық көрер алдында келді. Бойжеткен ахондроплазия деген атаумен белгілі ергежейліліктен зардап шегеді. Ал бұл оның ендігі уақытта бойының өспейтіндігін білдіреді. Ғаламшардың ең кішентай әйелі атағын Джиоти өткен жылдың желтоқсанында иеленген болатын. Ол Гиннесс кітабына енген рекордшы американдық Бриджит Джорданнан 7 сантиметрге аласа.
"Мен бәрінен бұрын голливуд әртісі болып, «Оскар» сыйлығын алуды армандаймын", - деді ол.