Халықаралық Менса ассамблеясы Танишкті 4 жас кезінде-ақ, өз қатарына қосып үлгерген. Аталмыш Ассамблея ақылы, қарым-қабілеті жоғары дамыған азаматтарды тіркеумен айналысып, бүгінде 80 елде өз жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, бүгінде Ассамблеяда әлемнің әр түкпірінен жиналған 100 мыңнан астам азамат тіркеліп үлгерген.
Қазіргі таңда Танишк физика ғылымы бойынша АҚШ үкіметіне қатысты НАСА агенттігіне (Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармаға) үлкен ғылыми жоба дайындап жатыр. Алдағы уақытта Нобель сыйлығына қол жеткізу үшін біршама басқа да ғылыми жұмыстармен айналысып жатқанын айтып кетті.