Бастапқыда сайт тек ЦЕРН қызметкерлері үшін ғана қолжетімді болған. Онда ғалым Тим Бернерс-Лидің жасап шығарған World Wide Web (WWW) гипермәтіндік жобасының мәнісі түсіндірілген. Бұл жоба құжаттарға жасалған гиперсілтемелер арқылы әріптестермен ақпарат алмасуға мүмкіндік берген.
Бернерс-Ли WWW жобасын басшылық назарына ұсынып ғана қоймай, URL идентификаторларын, HTTP протоколын және HTML тілін жасап шығарып, осының бәрі дүниежүзілік ғаламтордың негізі болып қаланды.