Әлемдегі ең алып винтті қанаты бар МИ-26 тікұшағы Қазақстан әуесінде алғашқы сапарын жасады

АСТАНА. 29 наруыз. ҚазАқпарат - Таяуда ҚР Қарулы күштерінің әуе қорғанысы қаруларының қатары МИ-26 әскери-көліктік тікұшағымен толықты.

Бұл ақпаратты еліміздің Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Ведомствоның атап өтуінше, тікұшақ Ресейдің Новосібір қаласында бір жыл бойы жөндеуден әрі жаңғыртудан өтті. Ендігі уақытта, еліміздің әуе қорғанысы қаруларының сапын толықтырған тікұшақпен 53975 әскери бөлімінің ұшқыштары Алматы мен Алматы облысының әуе кеңістігінде оқу-жаттығу ұшуларын жүзеге асыратын болады.

МИ-26 тікұшағына винтті қанатының қуатын айтарлықтай арттыратын жаңа новигациялық құрал-жабдық орнатылған.

Айта кетейік, бұған дейін де, нақты айтқанда, 2009 жылы Қазақстанның Қарулы күштері тағы бір алып тікұшақпен толыққан болатын.