Әлемдегі ең арзан ұялы телефон жасап шығарылды

АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат - Vodafone ұялы байланыс операторы Барселонда өткен ұялы байланыс конгресінде Vodafone 150 - әлемдегі ең арзан ұялы телефонын ұсынды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап. Құрылғының бағасы 15 долларға да жетпейді және дамушы елдерге жеткізілмек.

Жаңа ұялы телефон дауыстық қоңырау шалуға, SMS жіберуге және қабылдауға, сондай-ақ ұялы байланыс төлемдерін анықтауға мүмкіндік береді. Vodafone 150 алдымен Үндістанда, Түркияда және Лесотоны, Кения мен Гананы қоса алғанда Африканың сегіз елінде пайда болады.

Қымбатырақ нұсқасы - Vodafone 250 - түрлі-түсті экранмен және FM-радиосымен жарақталған. Оның бағасы 20 доллар тұрады.