Агенттік мәліметтеріне қарағанда, олардың жалпы дәулеті 524 миллиард долларға көбейген. Жалпы алғанда, олардың қолдарында 3 триллион 700 миллиард доллар қаржы бар.
Өткен жылы бай адамдардың рейтингісінде көшті Microsoft басшысы Билл Гейтс бастады. Оның қазынасы 16 миллиард долларға өсіп, 78,5 миллиардты көрсеткен. Гейтс Мексиканың алпауыты Карлос Слимді екінші орынға ысырды. Өткен жылы Слим бір жарым миллиардқа шығындалған. Үшінші орында испаниялық Омансио Ортега. Inditex сауда империясының негізін салушы бір жылда 9 миллиардқа байи түскен.