Әлемдегі ең бай адамның кім екендігі белгілі болды
04:11, 28 Шілде 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос кеше, бейсенбі күні Forbes-тің миллиардерлер рейтингінде Microsoft негізін қалаған Билла Гейтсті басып озды.
Amazon акциясының 2.3 пайызға өсу арқасында Безостың қаржылық жағдайы 2 млрд долларға көбейді. Атап айтқанда, акция құнының жоғарылауы арқасында Amazon компаниясы негізін қалаушының байлығы Гейтстен 1,4 млрд долларға асып кетті. Безостың байлығы 90,5 миллиард долларға жетті деп жазады басылым.